Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат, күдікті деп танылған інісін қамаудан шығарып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып оған 300 000 теңге ақшасын берген.
Алайда ақшаны алған ер адам тұрғынға әр түрлі сылтау айтып, одан қашып жүрген. Осылайша жәбірленуші әйел алаяққа алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Кентаулық тұрғынды алдап түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында қырағы полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің айтуымен күдіктіні іздеп, басқа аудан, қалаларға бағыттамалар берді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге бейтаныс адамдарға сенбеуді, олардың заңсыз ұсынған ұсыныстарын қабыл алмауды ескертеді. «Жұмысқа тұрғызып беремін, мемлекеттік жәрдемақы, көмек алып беремін, кезексіз тірлігіңізді бітіріп беремін»- деген сарында уәде беретін алаяққа сенім артпауға шақырады.