Түркістан облысында ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен семинар өтті. Жиынның басты мақсаты– төрт-түліктен таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу және мамандар өзара тәжірибе алмасу.
Семинар барысында кенеге қарсы өңдеу жұмысы мен үй жануарларынан қан сынамасын алу жолдары көрсетілді. Сондай-ақ төрт-түлікке вакцина салу ісі де түсіндірілді.
Қазіргі таңда өңірдегі сібір жарасы ауруының алдын алу бағытында ірі қара малға 998 мың бас екпе салынған. Ал энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін 2022 жылға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынып, көктемгі кезеңге залалсыздандыру жүргізілді. Қазір күзге дайындық пысықталып жатыр.
Мөлдір Ибадуллаева