Үкімет отырысында халықпен кездесулердің қорытындылары тыңдалады

39

Дәл қазір елордада Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы басталды. Күн тәртібінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланбақ.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындысы тыңдалады. Коронавирустың таралуына байланысты жиын онлайн режимде өтіп жатыр.