Елімізде ұшақ билеттерінің бағасы қымбат. «Air Astana» компаниясының басшылары билеттің қымбаттағанын инфляциямен байланыстырып отыр. Одан бөлек Қазақстанның жері кең байтақ, қалалар бір-бірінен алшақ орналасқан, ұзақ ұшу керек болғандықтан баға арзан болмайды деп кесіп айтты.
«Air Аstana» компаниялар тобының президенті Питер Фостер «Fly Arystan» лоукостерінде билеттердің орташа бағасы 48 АҚШ долларын құрайды. Ал, «Air Astana» билеттерінің орташа құны 68 доллар. Бұл Еуропамен салыстырғанда әлдеқайда төмен тариф.
Сонымен қатар билеттердің бағасына сіздің сатып алған мерзіміңіз де әсер етеді. Ашығын айтқан жөн, баға әрі қарай өседі,- дейді
Шынар Оразова