Жанар-жағармай бекеттерінде жаңа төлем жүйесі енгізіледі

33
фото azattyq-ruhy.kz

Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дизель отынының тапшылығына қатысты туындаған мәселелер жақын арада шешіледі. Бұл туралы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты.

Жиынға қатысушылар өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттері дизель отынын транзиттік көліктерге қымбатқа сатады деп шағымданған. Осының салдарынан отандық көліктер жанармайды жеңілдетілген бағамен ала алмай қалады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: «Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіден бастап енгізілді. Талапқа бағынбаған жанармай құю бекеттерінің лицензиясын қайтарып алуға дейін жазалаймыз. Сондықтан бұл мәселе жақын арада реттеледі».