Жетісайда базар өртенді

87

Бүгін, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр).

Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Мәселе бақылауға алынды.