Жетісайда қойма кассасынан 6 млн. теңге ұрлаған күдікті ұсталды

46

Бұрын жүк тасушы болып жұмыс істеген азамат қойма кассасынан 6 000 000 теңге ұрлаған. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті сағат 16:00 шамасында қойма ішіне кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп 5 сағат жасырынып отырған.

Жұмыс уақыты аяқталған кезде арам ойын іске асырыпты. Яғни сағат 21:30 шамасында қойманың терезесі арқылы кассаға өтіп, 6 000 000 теңгені алып оқиға орнынан бой тасалаған.

Жомарт Ғаппаров, Жетісай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары: 1Тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. ​​​​​​​Анықталғандай, күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс жасаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде1.

Күдіктіден айғақты зат ретінде 1 525 000 теңге алынып, иесіне қайтарылды. Ал іс ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.​​​​​