М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясынның жаңа оқу корпусы салынып жатыр. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған.
Мердігер мекемеге өндірістік жұмыс кестесінен кешіккені үшін айыппұлдар салынған еді. Сол үшін қала басшысы Мұрат Әйтенов білім ұясының құрылыс барысын тексеріп қайтты. Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қоры бар кітапхана мен 320 орындық асхана бар. Құрылыс жұмысы 2023 жылы бітіп, ел егілігіне беріледі.