900 -ге жуық шетел азаматы Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген

41

896 шетел азаматы Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген.

«Қазығұрт» шекара бекеті

Көбісі Ресей азаматы. Ал, оларды уақытылы есепке қоймай, ресейліктерді қабылдаған 16 240 адамға айыппұл салынған. Бұдан бөлек, ресейліктердің елге үдере келуі-олардың осында қоныстанып қалатынын білдірмейтіні айтылды.

Тіпті, кейбір босқындар басқа елдерге Қазақстан арқылы шығып жатқан көрінеді. Сондай-ақ қыркүйек айы басталғалы 896 шетелдік Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхатын алуға өтініш берген. Оның ішінде Ресейдің 115 азаматы бар.