«Әкімшілікте жұмыс жасаймын»: Кезексіз пәтер алып беремін деп, тұрғындарды алдап соққан азаматша ұсталды

22

Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, 41 жастағы азаматша мемлекеттен пәтер алып беремін деп, сеніміне кіріп, қолма-қол 1 735 000 (бір миллион жеті жүз отыз бес миллион) теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Алайда уәдесінде тұрмай, пәтер алып бермей, не ақшаны қайтармаған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны ұстады. Ол өзін көпшілікке «әкімшілікте жұмыс жасаймын» деп, алдап, сенімдерін теріс пайдаланып келген. Оның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Сондай-ақ, осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Осы ретте, шымкенттік полицейлер алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтық қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне хабар беріңіздер. Өйткені, дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.