Әскери борышын өтегендер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсіп, қалаған маман иесі бола алады. Жауынгерлер үшін тегін әрі ақылы оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Жеңілдік тек әскерге барып келгендерге жасалады. Мерзімін өтеген сарбаз қалаған мамандығына тапсырып, жоғары оқу орнына түсе алады. Жобаға қазіргі уақытта борышын өтеп жүрген азаматтар және 2022 жылы әскерге шақырылғандар қатыса алады. Оларға ұлттық бірыңғай тест тапсырудың қажеті жоқ. Тек грантқа түсу үшін сарбаздың қатарластарынан оқ бойы озық тұруы маңызды.