Бадам ауылындағы 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

113

Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бадам ауылындағы екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы басталған. Мердігер мекеме – «СтройЖолСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  Үйдің жалпы алаңы 832 шаршы метрді құрайды. Қабырғасы күйген қыштан тұрғызылған. 5 пәтер – 2 бөлмелі, 7 пәтер – 1 бөлмелі. Үй аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгерімінде.

Аудандық тұрғын үй комиссиясының 19.08.2022 жылғы №4 хаттамалық шешімімен 12 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға үлестіріліп отыр.

Атап айтар болсақ: 5 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, 4 пәтер көпбалалы отбасыларға, 3 пәтер жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

Қазіргі таңда аудандық тұрғын үй кезегінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша – 772, «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша – 526 азамат кезекте тұр.

Берілген 9 пәтер аталған азаматтардың санына пропорционалды түрде бөлініп беріліп отыр. Ал, 3 пәтер (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы, 4-тармағына сәйкес үлестіріліп отыр.