Нарықтағы дизель тапшылығына жүк көліктерінің еш қатысы жоқ. Сұйық отынның жетіспеушілігіне отын-энергетикалық кешеннің монополияға айналғаны себеп.
Мұндай шешімге бас прокуратура комиссиясы келіп отыр. Бұл бәсекелестікті шектеп, көп пайдаға кенелуге мүмкіндік береді. Қазір арнайы комиссия нарықтағы жағдайды зерттеп жатыр.