Чипсы мен газды сусындар тиелген жүк көлігі жанып кетті

34

Шымкент- Түркістан тасжолында жүк көлігі жанып кетті. Оқиға кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттегі Ынтымақ шағынауданы маңында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған.  Салдарынан көлік ішіндегі заттар да түгел жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.

«ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ» – дейді Шымкент қаласы ТЖД департаментінің мамандары.

Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.