«Demeu Kilem» дүкенінде жылдың ең тиімді акциясы ұйымдастырылды

0

Үйдегі жайлылықты бағалайтын талғампаз жандарға «Demeu Kilem» дүкені бес мыңнан астам өнім түрін ұсынады. Оларға акция аясында 50%-ға дейін үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Ал мұнда келген тұтынушылар дүкеннен құрқол шығу мүмкін емес екендігін айтады. 

«Demeu Kilem» дүкенінде үлкен жеңілдіктер жарияланды. Элиталық кілемдер салоны ауқымды акция жайында Шымкент қаласының тұрғындарына ерекше хабарландыру жолдады. Аспанға шар ұшырды!

Мұнда келген кез келген тұтынушы жоғары сапалы кілемдерді акция аясында елу пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Үлпілдек, жұмсақ, әдемі, сапалы. Демеу кілемге әлемнің түкпір-түкпірінен ең таңдаулы кілем шеберлерінің туындылары әкелінді. Дүкендегі өнімге деген сұраныстың жоғары болғаны сонша, тұтынушылар бірнеше қайтара келіп сауда жасаудан жалыққан емес. Ал Еркеғали Ибатов мұндағы тұрақты тұтынушыларының бірі. Ол үйіне арнап ерекше дизайнды бірнеше кілемді сатып алды.

Еркеғали Ибатов, тұтынушы: «Демеу кілемнің тұрақты тұтынушысымын. Қазір жатын бөлмеме 3-2 кілем алдым. Таза түркиялық кілем. 65 мыңның кілемін 40 пайыздық жеңілдікпен 35 мыңға алдым. Сапасы өте жақсы, жібек жіптері көп. Жақсы кілемдер».

«Демеу кілем» дүкенінің сауда нарығына енгеніне 15 жылдай уақыт болды. Көңілге қонымды бағалар, жоғары сапа, бөліп төлеу мүмкіндігі – салон директорының айтуынша бұл тиімді ұсыныстың тек бір бөлігі ғана екен.

 Демеу Жақып, «Demeu Kilem» дүкенінің директоры: «Барлық кілемдер әртүрлі көлемде болады. Бізде кілемдер эконом класстан бастап, жоғары бағаға дейін сапалы қарай болады. Және де біздің дүкенде базар бағасына қарағанда 20-30 пайызға төмен бағада жүреді. Жәрмеңке уақытында оны 50 пайызға дейін көтереміз және де жәрмеңкеде банк системасы бар. Яғни бөліп төлеу. Бөліп төлеуге ешқандай пайыз қосылмайды 12 айға дейін. Әрбір тұтынушыға сондай жағдай жасап жатырмыз»

Түркия, Иран, Үндістан, Бельгия кілемдерінен отандық өнімдер де қалыс қалмайды. Салонда Қазақстанда жасалған кілемдер де ел назарына ұсыналды. Жалпы «Демеу кілемде» бес мыңға жуық өнім түрі бар. Қысқасы, өзіңіз армандап жүрген керемет кілемді 19-29 қыркүйек аралығында акциямен өте төмен бағада сатып алуға болады.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Арғынбеков көшесі 100/1