Дифтерия — адамды өлімге әкелетін жұқпалы аурулардың бірі, оның токсині өте қауіпті.
Инфекция — ауру адамнан сау адамға ауа тамшылары арқылы таралады. Вирустың ағымы неғұрлым айқын болса, соғұрлым науқас тарататын бактерия көлемі көп болады. Инкубациялық кезең шамамен 3-5 күн, кейде 10 күнге дейін созылады. Жұқпалы ауру ретінде тасымалдаушылық та болады.
Қазақтар бұл кеселді – «күл» деп атаған. Күл кеселінің қоздырғышы Леффлер таяқшасы түріндегі бактерия. Бактерияның токсиндері қан ағымымен бүкіл денеге таралады, салдарынан ішкі органдар мен тіндерге, жүйке жүйесіне, жүрек пен бүйрекке зақым келтіреді. Ауру кезінде асқыну жұмсақ таңдайдың, мойын бұлшықеттерінің, тыныс алу жолдарының және аяқ-қолдардың сал ауруы түрінде басталуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының қабынуына байланысты тұншығу (асфиксия) пайда болып, өлім жағдайына әкелуі мүмкін.
Күл кеселі вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауру.
Дифтериядан қорғанудың бірден-бір дәлелденген жолы вакцинация екенін есте сақтаған жөн! Вакцинациядан кейін ағзада антитоксикалық иммунитет пайда болып, аурудың ауыр түріне айналуына жол бермейді.
ҚР ДСМ бекіткен ұлттық күнтізбеге сай дифтерияға қарсы екпе нәрестеге өмірінің екінші, үшінші және төртінші айларында жасалады.
Ревакцинацияны сәби 18 айында алады. Бұл ретте аралас вакцина қолданылады, яғни дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы бір уақытта иммунитет қалыптасады. Балаға 6 жасында келесі ревакцинация салады. Әрі қарай, адам өмірінде 16 жаста және әр 10 жыл сайын жасалады.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік!
М.Сейдалиева,
Шымкент қаласының СЭБД бас маманы