Ең төменгі жалақы деңгейі көтеріледі

35
фото Егемен

Бүгінгі жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны тағы он мың теңгеге көтеруді тапсырды.

«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Ол еңбекақының мөлшерін кезең кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 млн. азаматтың табысына тікелей әсер етеді», – деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Ол зейнетақы жүйесіне де өзгерістер қажет екенін айтты. Зейнетақының ең төменгі базалық ставкасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-іне дейін, ал ең жоғары ставка 120%-ке дейін жеткізіледі.
Тоқаевтың айтуынша, бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы мөлшерін орташа есеппен 27%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді.