Келес ауданының орталығы Абай ауылында 1500 оқушыға арналған мектеп салынады. Ол үшін арнайы жер телімі ажыратылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, аудан әкімі тағы бір мектептің құрылысы жоспарланып жатқанын жеткізді. Жалпы кездесу барысында жергілікті тұрғындар көкейіндегі сауалдары мен ұсыныстарын жолдады.
Басым бөлігі учаскелік жер беру, жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарықтандыру қондырғыларын орнату, ауыз су, электр жарығы, жол, интернет желісін жақсарту мәселесін көтерді. Жауаптылар әрбір азаматтың пікірі назарға алынып, тиісті шешім шығарылатынын жеткізді.