Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан басшысы, алдағы уақытта сұранысқа сай мектеп, дәрігерлік амбулатория, жол құрылысы сынды жұмыстар жүзеге асатыны айтты.
Біртілек ауылдық округінде 300 орындық екі мектеп пен мәдениет сарайы салынады. Оның бірі мемлекет қаражаты есебінен салынса, екіншісі жеке кәсіпкер қаражатына бой көтермек. Сондай-ақ биыл ауылдық округте ұзындығы 9,6 шақырымдық 5 көше асфальтталды. Ал ұзындығы 6 шақырымдық 3 көшеге шағал тас төсіліп жатыр.