Түркістан облысы Келес ауданында бір күнде 2 мектеп пайдалануға берілді.
Біреуі — Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында, екіншісі – Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде. Екеуі де 300 орынға лайықталған, заманауи үлгіде салынған білім ордасы.
Мектепте спорт зал, асхана және қажетті құралдармен жабдықталған пәндік кабинеттер бар. Жаңа оқу жылын жаңа білім ошағында бастаған оқушылардың қуанышында шек жоқ.