Сайлаудың өтетін күні белгілі – 20 қараша. Бірақ әзірге үміткерлер белгісіз. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды өткізуге шамамен 20 млрд. 500 млн. теңге жұмсалатынын айтты.
Оның сөзінше, қаржының көбі сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысына және дауыс беру жәшігін ауыстырып, бюллетеньдерді әзірлеуге бөлінеді. Ал, үгіт-насихат жұмысы үшін әр кандидатқа 10 млн. теңгеден берілуі мүмкін.
31 жылда Қазақстанда президент сайлауы 6 рет өтіпті. Соның біреуі ғана белгіленген мерзімде, ал, бесеуі – кезектен тыс. Бұл жолғы ерекшелік: бюллетеньге «бәріне қарсымын» деген тармақ енгізілді.