Мəдениет жəне спорт министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Түркістан қаласына іссапармен келді. Төраға «Түркістан арена» стадионына арнайы барып, ондағы жаттығу залдарымен танысты.
Сонымен қатар өңірдегі бірқатар нысандарды аралады. Жалпы бүгінде күнгей өңірде спорт кешендері мен стадиондар, əлемдік деңгейдегі жаттығу орталықтары мен Орта Азия елдері бойынша ең ірі ескек есу кешені бар.
Спорт комитетінің төрағасы халықаралық талаптарға сай бой түзеген спорт нысандары мен түркістандықтардың жеткен жетістіктеріне жоғары бағасын берді.