Үшінші мегаполисте күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Жалпы биыл күз мезгілінде 700-ден астам адам Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Науқан жоспары бойынша ең алдымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталады.
Шақырылушылар әскерге жіберілмес бұрын медициналық комиссиядан, тесттерден және сұхбаттан өтеді.