Елімізде аналық мал басын қоспағанда, ірі қара және ұсақ қара малды экспорттауға сандық шектеу белгілеу мақұлданды. Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, оның ішінде 4,5 млн сиыр, 3,2 млн төл бар.
Қошқар экспорттауға 60 мың бас немесе жалпы мал басының 9%-ы, сондай-ақ 120 мың бас тоқты немесе жалпы мал басының 10%-ы мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 қаңтары мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған болатын.