Машина жасаушы шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау артады. Бұл туралы сала мамандарының форумында айтылды. Биыл бұл мақсатқа 285 миллиард теңге бөлінген.
Келесі жылы 300 миллиардтан астам қаражат қарастыру жоспарланып отыр. Бұл ақшаға ірі бизнеске он екі, орта бизнеске сегіз, шағын бизнеске үш пайыздық несие беру көзделген. Сонымен қатар, машина жасауды дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: «Қазіргі таңда Үкімет отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Бұл қолжетімді бастапқы материалдар және қаржыландырумен қамтамасыз ету. Сонымен бірге ел ішіндегі құндылықты дамыту, импортқа тәуелділікті азайту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғырту. Үкімет ашық диалогқа және бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге дайын».