«Оңтүстік Жарық Транзит»: Түлкібаста инвестициялық бағдарлама 50 пайызға орандалды

105

Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і Түлкібас ауданына қарасты электр жүйелерінің 50 пайызын жаңартып үлгерді. Бұл 2016-2022 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарлама аясында қол жеткізген жетістік. Елді мекендерге жаңа темір бетонды бағаналар тартылып, әуе желілері жаңартылды. Трансформаторлық қондырғылар орнатылып, қосалқы станциялар жаңғыртылды. 

Түлкібас ауданында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не тиесілі электр жүйелерін ауыстыру жұмысы қарқын алды. Аймақты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысы кезең-кезеңімен жүзесе асып жатыр. Ал жергілікті тұрғындар қайта жөндеуден өткен электр бағаналарының арқасында қыстың күні жарық сөніп қалу, электр тапшылығы сынды қолайсыздықтардың болмайтынына қуанып отыр.

Сайымбек Қаратаев, Жабағылы ауылының тұрғыны: «Бағаналар жаңадан ауыстырылып, ауылымыздың әлеуметтік жағдайы көтеріліп қалды. Еш уақытта светтеріміз өшпейді. Жарықтар өз мөлшерімен беріліп жатыр. Бәрі жақсы. Бұрын тоңазытқыштарымыз тартпай қалушы еді. Ал қазір керемет. Халық саны да артып жатыр. Жан-жақтан жер алып жатыр. Соған байланысты атқарылып жатқан іске көңіліміз толады».


Биыл Инвестициялық бағдарлама аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейіт ауылында 800-ге жуық бағана ауыстырды. Нәтижесінде бекітілген жоба бойынша ауданда атқарылған жұмыстар көрсеткіші 50 пайызға жетті.

Санат Омаров, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас ауданы бойынша 4 бригада шебері: «Биылғы жылы «Инвест» бағдарламасы аясында Жаскешу ауылында 10кВ әуе желісіндегі 7,9 км электр сымдары жаңартылды және 155 дана бағаналар ауысты. Және Керейіт ауылында төменгі кернеулі 0,4 кВ желілері 3,7 км электр сымдары ауысты».

Аймақта заман талабына сай 14 қосалқы станция бар. Оның бірі Жаскешу ауылында орналасқан «Корниловка» қосалқы станциясы. Қуаттылығы 3200 кВА трансформаторы бар нысанда крун құрылғысы түгелдей жаңаланды. Ал бұл қосалқы станция 7 ауылды сапалы жарықпен қамтамасыз етіп отыр.

Бауыржан Елеусіз, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас ауданы бойынша электр желілерінің бас инженері: «Карниловка подстанциясы былтырға инвест бағдарламасы бойынша крундары толығымен жаңартылып, биылғы Инвест бағдарламасы аясында осы подстанциядан шығатан 10 кВ әуе желісі сымдары 8,902 км толығымен жаңартылды. Еске бағаналары ауысып, жаңа сыммен тартылып, осы ауылдың өзінде 0,4 кВ желісі бойынша 8,300 км сымдар ауысып, 2 трансформатор қойылды. 100 кВА».

Биылғы жылы жаңартылған 8 КТП құрылғысының екеуі Жабағылы ауылында орнатылды. Ал елдімекенде 300-ден аса абонент бар. Ауыл әкімінің сөзінше жаңартулардың арқасында аймақ 100 пайыз электр желісімен қамтылған.

Ержан Меңлібеков, Жабағылы ауылдық округінің әкімі: «Қазіргі таңда Жабағылы ауылында бұрынғы кеңестен қалған бағаналар ауысып, 263 бағана ауысты бізде. Сонымен қатар 7 шақырымнан аса электр сымдары ауысты. «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің «Инвест» жобасы бойынша істеп жатқан жұмыстарына ауыл ризашылығын білдіреді».

Түлкібас ауданында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нен 21 мың абонент электр энергиясын тұтынады. Сонымен қатар серіктестік 150-ге жуық заңды тұлғаны толықтай жарықпен қамтамасыз етеді. Аудандағы инфрақұрылымды тұрақты түрде жаңартып отырған серіктестікке қалың ел дән риза.