Қазіргі таңда Ордабасы ауданында облыстық бюджеттің есебінен 6 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша, оның төртеуі жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.
Атап айтқанда, Төрткөл елдімекені және Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес ауылында 300 орындық білім ошақтары, Қараспан елдімекенінде 200 орындық жалпы орта мектеп, сондай-ақ Шұбар ауылдық округіндегі Аққойлы ауылында 100 орындық білім ұясы биыл ел игілігіне беріледі.
Ал, Шұбар ауылындағы 600 орындық мектеп пен Төрткөл ауылдық округінің Қызылжар елдімекеніндегі білім ошағын 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.