Психотроптық заттары бар дәрілік құралдарды рецептсіз босатқандарға шара көріледі

27

2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық деңгейдегі есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шараның басты мақсаты – Шымкент қаласының аумағында «дәріханалық нашақорлық» құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекусорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ, бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу болып табылады.
Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында Химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау болып табылады.