Референдум: тәртіп сақшысы отбасымен бірге таңдау жасады

2
фото: Отырар.кз

Қаламызда Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдумға 344 учаске құрылған. Онда қазір қала тұрғындары өз дауысын беріп жатыр. Соның бірі Оразовтар әулеті. Олар таңдау жасауға отбасымен бірге келген.

Тәртіп сақшысы Мұхан Оразов отбасымен бірге референдумда дауыс беруге келіпті. Қаратау ауданы бойынша учаскелік инспектор бүгін қызмет атқарып жатқанына қарамастан уақыт тауын, өз таңдауын жасауға бел буған. Тәртіп сақшысы, таңдау жасау әрбір азаматтың ортақ парызы дейді.

«Бүгін жұмыстан 1 сағат уақытымызды бөліп, осы учаскеге келіп, дауыс бердім. Әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын. Өз таудайымызды айттық», — дейді Қаратау ауданы бойынша учаскелік инспекторы Мұхан Оразов.

Ал шендінің жары Азатгүл де саяси науқанға күйеуімен бірге келген. Ол тіпті балалары арасында азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін өзімен бірге ертіп келетінін айтады.

«Референдумға өз қолдауымызды білдіруге отбасымызбен келген жағдайымыз бар. Әрбір Қазақстан азаматы осылай дауыс беругі міндетті деп ойлаймын. Балаларымыз өзімізбен бірге келді. Олар да кішкентайынан үйренуі керек деп алып келдім», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Азатгүл Шоманова.

Бүгін жұмысының тығыздығына қарамастан полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлі мен дәрігерлер өз таңдауын жасап жатыр.