Қ.А. Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу тобының кеңесі өтті

30

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін мониторингтеу және зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті. Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты.

Жиында мемлекеттік мекемелердің жан-жақты сараптамалары тыңдалып, кесененің қазіргі ахуалы талданды. Жалпы жоспар бойынша кесенені сақтау, пайдалану, зерттеу, қорғау, басқару, қаржыландыру шараларының 2023-2027 жылдарға арналған менеджмент-жоспарын әзірлеу Әзірет-Сұлтан музей-қорығына жүктелген. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады күтіліп отыр.