Бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант берудің үшінші легінің комиссиясы өз жұмысын бастады. 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантқа үміткерлер 12-23 қыркүйек аралығында жобаларын қорғайды. Алғашқы күні комиссия отырысында 134 азамат кәсіпкерліктің түрлі бағыты бойынша бизнес-жобаларын таныстырды.
Айта кетейік, ұлттық жоба шеңберінде берілетін 1 225 200 тг көлеміндегі қайтарымсыз қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады.
Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған.