Қаңтар оқиғасы: Екі адам қамалып, біреуі уақытша босатылды

66
фото Түркістан

Шымкент сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында үш адамға қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Екеуіне 3 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Ал бір азаматқа 3 жыл 7 ай мерзім берілген еді, бірақ кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты үкім екі жылға кейінге қалдырылды.

Жаппай тәртіпсіздік пен терроризм үшін Шымкент қаласының үш тұрғыны сотталды. Апелляциялық алқа екі азаматқа қатысты айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды: олар енді 3 жыл уақытын колонияда өткізеді. Ал бір азаматтың жазасын өтеуі кейінге шегерілді. Өйткені ол 12 жасар бала тәрбиелеп отыр.

Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «Кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты Досмамбетоваға қатысты сот үкімінің орындалуы 2 жылға кейінге қалдырылды, осыған байланысты ол сот залынан босатылды. Бала 14 жасқа толғанда, ол бас бостандығынан айырылады. Осы екі жыл ішінде ол сынақ есебінде болады. Шектеулер қатарында: жұмыс орнын ауыстырмаңыз, егер сіз қаладан тыс жерге барсаңыз, хабарлаңыз. Ол осы екі жылдың ішінде осы шектеулерді бұзбауы керек, егер ол бұзылса, онда пробация оны кейінге қалдыру туралы ұсыныспен шығуы мүмкін».

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздікке тұрғындарды Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның белсенділері шақырған еді. Ал Шымкент қаласы бойынша деструктивті діни ағымның екі жақтаушысы сотталды.

Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «Сотталушылар адамдарды мессенджерлер арқылы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырды, осы сәтті пайдалану керектігін айтты, сондай-ақ өздері қалалық акимат маңындағы қатысты. Сотталушылардың кінәсі: сотқа дейінгі тергеу органы жинаған дәлелдемелермен, сотталушылардың, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді.  Досмамбетова мен Әштаев бұған дейін Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған діни бірлестік қызметіне қатысқаны үшін сотталған. Досмамбетова үш жыл жеті айға бас бостандығынан айырылды.  Аштаев үш жылға және бір айға бас бостандығынан айырылады».

Шымкент қаласының аудандық сотында қаңтар оқиғасына байланысты 46 іс қаралды. Оның ішінде тек екеуіне қатысты сот үкімі шықты. Ал қалғандарына шартты мерзім мен шектеу шаралары тағайындалды.