Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланды

30
фото ҚазАқпарат

 Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланды.

«Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр», — деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Тоқаев мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдеткенін еске салды.
«Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», — деп мәлімдеді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Бірақ тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар басты фигуранттар, сондай-ақ мемлекетке сатқындық жасады және билікті күшпен басып алуға тырысты деп айыпталып отырғандар рақымшылыққа ілікпейді.