Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі мәлімдеді. Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
Жауаптылар осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауапкергілікке тартылатынын ескертеді.
Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.