Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады

31

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады. «Самұрық Қазына» мен «Қазмұнайгаз» қыркүйек-қазан айына қажет отынды импорттау туралы келісімшартқа қол қойды.

Энергетика министрінің мәліметіне қарай, қазір дизельді елге тасымалдау жұмысы басталған. Қазмұнайгаз өкілдері алғашқы легі жақын арада жеткізілетінін айтты. Нарықта дизельге сұраныс былтырға қарағанда 90 мың тоннаға жоғары. Биыл болжам бойынша 5 млн 472 мың тоннасы қажет. Сұранысты өтеу үшін шикізат өндірісі артты.  Статистика бюросының дерегіне үңілсек, еліміз бензинге қарағанда, дизель отынын шетелге көбірек экспорттайды екен.