Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов, Президент тапсырмасына сай Құрсай шағынауданындағы инфрақұрылым жұмысының құрылыс барысын тексерді. Мемлекет басшысы бұған дейін халықтың жағдайдын жақсарту мақсатында, 2025 жылға дейін толық ауыз сумен қамту қажет деген тапсырма берген еді.
Жалпы, қазіргі таңда 7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылып жатыр.
1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылды. Бүгінде бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырым. Қазірде құрылыс жұмыстарының 92% орындалды. Қараша айында 3 436 абонент немесе жыл соңына дейін барлығы 41 680 тұрғын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі.
Ал, Құрсай шағын ауданы электр жарығымен 100% қамтылған. Дегенмен қуат көзінің сапасын арттыру мақсатында 110/35/10 кв электр желілерін тарату станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін аяқталып, тағы 600 үй сапалы электр жарығына қосылады деп жоспарлануда.
Бірінші талап сапа, одан соң әр істің мерзімінен кешіктірілмей ел игілігіне берілуіне тоқталған қала басшысы, іске жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Бұдан бөлек, 2021 жылы Құрсай шағын ауданын сапалы интернетпен қамту мақсатында мобильді операторлармен базалық станция орнату үшін тиісті келісім жасалынған еді. Бүгінге дейін, шағынауданда «Кар-Тел» компаниясы тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы Жылысай көше маңына базалық станция орнатылды.
Сонымен қатар жеке инвестормен келісім жасасып, №49 мектептің маңына антенна-матчталық құрылғы орнатылды. Енді тек мобильді байланыс операторларының базалық станциясын қондыру ғана қалды. Тиісті жұмыстар 1 ай көлемінде атқарылса, шағын аудан сапалы интернетпен толық қамтылады.
Одан бөлек6 жеке инвестор қаражаты есебінен талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары да жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан шағын ауданды сапалы интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынған.