Банк қызметкерлерінің заңсыз әрекеті салдарынан мемлекет пен қаржы ұйымдарына 24 млрд 200 млн теңге шығын келді.
Алаяқтық, банктегі қызметін асыра пайдалану арқылы биыл 16 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар құжаттарды қолдан жасау арқылы тиімсіз шарттармен кредит берген. Кассалық ордермен банк салымшыларының шотынан ақша алған. Жауапты органның дерегіне сүйенсек, шығынның көбі банктердің өзіне келген.
Ал мемлекет 89 млн. теңгеден аса ақша жоғалтты. Азаматтардың шығыны 2 млн теңгеден асады. Заңсыз әрекет әсіресе Алматы, Ақтөбе, Атырау облысында тіркелген.