Сайрам ауданында «Ауыл -ел тірегі» онкүндігі жалғасуда

58

Сайрам ауданында өткен аптада «Ауыл-ел тірегі» 10 күндік шарасы басталды. Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан бастаманың барысында ауданда әлеуметтік нысандар, медресе бой көтеріп, ауылдар абаттандырылуда.

Қарасу ауылдық округінде аталған іс шараларға әкімдікке қарасты мекемелерден бөлек кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Игі істер асарлатып жүзеге асырылуда.

Қарасу ауылында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылуда. Тізімге енгізілген отбасыларының мүшелері келіп дайындаған күнделікті тауарлардан жиналған себетті алып кетіп жатыр. Бұл акция Сайрам ауданында бастама болған «Ауыл-ел тірегі» 10 күндік іс шарасы аясында өтуде.

Көпбалалы ана: «Үлкен рахмет. Бағалар шарықтағанда бізге қолдау көрсетіп жатыр. Алғысымыз шексіз».

Аудан тұрғыны: «Рахмет. Бізді тізімге енгізіпті. Үнемі көмек көрсетіп тұрады. 6 балам бар. Оқулықтармен мектеп формасымен де көмектесті».

10 күндік шарада атқарылатын жұмысты жүзеге асыруда Қарасу ауылдық округіндегі қоғам белсенділері, ауыл кәсіпкерлері, аудандық мәслихат депутаттары ат салысуда. Жоспарда ауылдарға ағын су жеткізу, жолдарға тас төсеу жұмыстары бар. Сонымен қатар Жаңа Тұрмыс ауылында жеке кәсіпкердің қаражатына медициналық бекет ашу , ауылдың бірлігі мен ынтымағын арттыру, иманды ұрпақ тәрбилеу мақсатында медересе салу көзделген.

Дамир Сыдықов, Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі: «Ауыл-ел тірегі онкүндік шарасы Сайрам ауданы әкімінің бастамасымен осымен екінші жыл ұйымдастырылып жатыр. 9 қыркүйекте бастауын алған онкүндік шараның 12-не біз өткізіп жатырмыз. Оның барысында сенбіліктер өтіп әктеу, көркейту, каналдар тазартылады, әлеуметтік нысандар бой көтереді».

Шахтыкүл Бекзатова, Сайрам аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: «Бір әкім не үлгереді. Біз барлығымыз қолдау көрсетіп көмектесуіміз керек. Біз әйелдер қауымдастығы өз тарапымыздан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, жас келіншектерге бизнеспен айналысуына көмектесеміз».

«Ауыл-ел тірегі» онкүндігінде, Әйтеке би ауылы жаңақұрылыс аумағына демеушілер тарапынан тас төселіп, Жібек жолы көшесіне көлік жолағы, орталық көшелерге жол белгілері орнатылмақ .

Дамир Сыдықов, Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі: «10 күндікте сенбілік ұйымдастырылып қанай қоймай, ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылады. Шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарламамен көпшілікті қуантады».

«Ауыл- ел тірегі» шарасы аясында, округке қарасты ағын су өтетін каналдарды асар жолымен тазарту жоспарлануда. Ал Әйтеке би ауылында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында трансформатор қоршауы жасалмақ. Қыркүйектің 9-да бастауын алған онкүндік 18-не дейін жалғасып, қорытындыланады.

Айта кетер тағы бір жағымды жаңалық, Сайрам ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шаттык Бекзатова Нұр-Сұлтан қаласының, Тәуелсіздік сарайындағы өткен конференцияда Қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін “ҚР Еңбек сіңірген қызметкері -2022” атты төсбелгісімен және » І Дәрежелі» дипломымен марапатталды.