Сайрам ауданында бокстан жасөспірімдер арасында облыс чемпионы өтті

64

Сайрам ауданы Ақсукент ауылында бокстан Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Жарыс 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Сайыста барлық ауданнан 260-тан астам жас боксшы бақ сынады. Соның ішінде 66 келі салмақта Ерасыл Әшірбай жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Ал, 48 келіде Ерәділ Ұзақбай мен 50 келі салмақта Азамат Жұмабек облыс чемпионы атанды. Сондай-ақ жарыста бірінші және екінші орын алған боксшылар Жамбыл облысында 20-25 қазан аралығында өтетін аймақтық Қазақстан біріншілігіне жолдама ұтып алды.