Биыл Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағынауданының бірқатар көшесі орташа жөндеуден өтті. Атап айтқанда Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді.
Ішкі орам көшелеріне қалыңдығы 10 смді құрайтын асфальт төселді. Жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Олар: Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 көшелер. Жоспарға сәйкес мегаполисте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.