Сән-салтанатқа 2024 жылдан бастап салық енгізіледі

26

Жеке ұшақ, қымбат яхта мен элиталы үй. Қаржы министрі осындай сән-салтанатқа 2024 жылдан бастап салық енгізілетінін мәлімдеді.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша ол үшін жаңа салық кодексі әзірленбек. Онда нақты кімдерге, қандай жағдайда қанша салық салынатыны секілді нормалар қамтылмақ. Белгілісі байлық салығының орта тап өкілдеріне қатысы жоқ.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР қаржы министрі: «Президент жаңа Салық кодексін дайындаңдар деп тапсырма берді. Біз заң жобасын 2023 жылғы қыркүйекке дейін қабылдап үлгеруіміз керек. Кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басында күшіне енеді деп ойлаймын».