Сауранда сапар мұражай кешенінің ашылу рәсімі өтті

46

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде «Ғашық Жүсіп ата» музейінің ашылу рәсімі өтті. Шара аясында «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан Ғұлама ғалымдары мирасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Музей шеңберінде «Сапар» мұражай кешенін орналасқан. Онда екі мұражай залы, әкімшілік бөлме, қонақтар бөлмесі, демалыс аллеясы бар. Барлық құрылыс және абаттандыру жұмысы кәсіпкерлердің қолдауымен жүргізілген.

Кешен «Ғашық Жүсіп ата» зиярат орнына келетін саяхатшылар үшін сервистік қызмет ету мақсатында салынған. Бұл кешенде көне Иқан тарихы, Ғашық Жүсіп ата өмірі мен мұрасы, ғалым-ғұламалардың тарихы мен мұрасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік болады.