Шаруалар пияз бағасын тұрақтандырса, үкіметтен көмек алады

50

Шаруалар пияз бағасын тұрақтандырса, үкіметтен көмек алады. Бұл туралы Жамбыл облысының фермерлерімен кездескен Серік Жұманғарин айтты.

Вице-премьердің сөзінше, шаруалар маусымаралық кезеңде пиязды қымбаттатпауы тиіс. Бағаны 150 теңгеден төмен ұстап отырса, оны батыс өңірлерге жеткізіп, көкөніс қоймаларында сақтауға қаражат бөлінеді.

Қазақстандық пияздың 75 пайызы өсірілетін Жамбыл облысында биыл дақылдың өнімі жақсы болмақ. «Самғау» шаруа қожалығы 4500 тонна пияз жинауды жоспарлап отыр.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты тоннаға көп. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қаржыландыру схемалары қайта қаралып жатыр. Жаңа тәсілдің бірі – аграрлық саланы қолдау үшін үкімет өндірушілермен енді тікелей жұмыс істемек