Жылдан жылға экономикамыз дамып, халықтың тұрмысы жақсарып келеді. Өркениеттің дамуына түрлі салаларға цифрлық технологиялардың ендірілу оң нәтиже беруде.
Жүйе қала, аудандардағы азаматтардың кез келген жерден қызмет түрлерін еш қиындықсыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірыңғай жүйе азаматтардан түскен арыз-шағымдардың тіркелуін , орындалуын қадағалауға мол мүмкіндік береді.
Ордабасы ауданында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын сонар кезек көрмейсің. Себебі, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мұнда қызметтердің 70 пайызы онлайн түрде көрсетіледі. Азаматтардың цифрлық қол таңбасы болса үйден, кеңседен, кез келген жерден түрлі анықтамалар, қызмет түрлерін алуға мүмкіндіктері бар. Цифрлық технологиялардың арқасында мәселен Мақтарал ауданының тұрғыны Әділбек Дидаров Ордабасы ауданында көлігіне нөмір мен куәлікті еш кедергісіз алды.
Әділбек Дидаров, Мақтаарал ауданының тұрғыны: «Темірландағы Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтің түр-түрі көрсетіледі екен. Кезек те жоқ, жақсы. 40 минутта маған техпаспорт пен нөмірімді жасап берді. Осының барлығы цифрландырудың арқасында».
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облыстық филиалы, Ордабасы аудандық бөлімі ағымдағы жылдан бастап жаңа ғимаратқа көшті. Қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында мұнда халықтың арасында сұранысқа ие мекемелер орналасқан.
Есенғали Дүйсенбекұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ордабасы аудандық бөлімінің басшысы: «Бірнеше жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығы ескі ғимаратта қызмет көрсетіп келді. Биылдан бастап Ордабасы ауданы әкімдігіне мәслихат депутаттарына рахмет жаңа ғимарат берді. 3 қабаттан тұратын халыққа қызмет көрсету орталығында жер кадастры, 2020 бағдарламасы мамандандырылған ҚКО барлығы бар. Жеке куәлік пен көлік куәліктерін осында алады».
Бөлім бүгінде аудандағы 123 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ауылдық округтерде, шалғайдағы ауылдардағы мектептерде арнайы интернет бұрышы ашылған. Кез келген азамат цифрлық қолтаңбасы болса тиісті қызмет түрлерін пайдалана алады.
Есенғали Дүйсенбекұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ордабасы аудандық бөлімінің басшысы: «Шұбарсу елдімекенінде 70 мыңға жуық халық тұрады. Қазір қажетті құжаттарды жоғарыға жіберіп қойдық, бір бөлім ашу жөнінде».
Ауыл тұрғындары қызмет түрлерін аудан әкімдігінде ашылған халықтық кеңсе де де ала алады.
Болатбек Дәнебек, Ордабасы ауданы әкімшілігі аппаратының бас инспекторы: «Халықтық кеңседе 7 бөлімнің маманы отырады. Арыз шағым қабылдайтын бір оператор бар. Жылдың басынан 12 мыңға жуық шағым түскен. Олар бойынша жұмыстар жүргізілді».
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында азаматтардың мәселесін шешу үшін аудан әкімі, оның орынбасарлары әр аптада тұрақты түрде жеке қабылдау жүргізеді.
Арыслан Нұриддинов, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы: «Аудан әкімімен жыл басынан бері 20 рет қабылдау өткізіліп, 103 азаматтың шағымы қаралған. 65 азаматтың мәселесі шешіліп, 30-ына жеке қабылдау барысында жауап беріліп, 8 арыз бойынша тиісті мамандар жұмыс атқаруда. Әкімдіктегілер тіркелген бірде бір арыз қараусыз қалмайды, Е өтініш жүйесі бойынша түскен шағымдар республика көлемінде бақылауда болады. Цифрлық технологиялардың ендірілуі шағымдардың қаралу мерзімін қысқартып қана қоймай , олар бойынша қандай шешім қабылданғаны жөнінде ақпараттың арыз берушіге тікелей жетуін қамтиды».