Шымкент: Ерекше балаларды емдейтін стоматологиялық кабинет ашылды

72

Шымкентте ерекше балаларды  емдейтін мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды. Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан  және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың  ауыз қуысын және тісін  арнайы әдіспен емдейді.  Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар бүгін науқас балаларды қабылдап, медиицналық көмек көрсетті.

Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың тісін тегін емдейтін стоматолгиялық кабинет Асар шағын ауданындағы балалар ауруханасы ішінен ашылды. Мұнда дәрігерлер ерекше балаларды наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Орталықтағы медициналық көмек науқас балаларға тегін көрсетіледі. Мамандандырылған стоматолагиялық кабинет қала бойынша әзірге біреу ғана дейді мамандар.

Тағайбек Қалыбек, стоматолог-дәрігер: «4-тамыздан бастап  стоматологиялық кабинет  ашылды. Мұнда Аутизм, даун ДЦП  балаларды емдейміз. Олар бізге арнайы жолдамамен келеді. Қазіргі таңда төрт бес баланы тіркеуге жазып қойдық.  Қалада бізден бөлек мұндай қызмет көрсететін емхана, аурухана жоқ».

 Бүгін Ашық есік күні аясында дәрігерлер стоматолгиялық кабинетте кішкентай пациенттерді  жолдамасыз әрі ақысыз түрде қабылдады. Сондай-ақ шара аясында бейінді дәрігерден құралған мамандар тобы  балаларға кеңес беріп, диагностикалық тексеруден өткізді. Профилактикалық шараға  көп балалы аналар келіп, балаларын  дәрігердің қабылдауынан өткізді.

Бағила Дүйсебекова  Шымкент қаласының тұрғыны: «Нефрологқа, уролог, гематологқа кардиолог, ЛОР-ға көріндік бәрін көріп шықты тиісті кеңестерін алды жолдамаларын жазды».

Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін әр айдың соңғы жұмасы күні Асардағы балалар  ауруханасында Ашық есік күні өтеді. Шара аясында  стоматолог, онкогематолог,  уролог, нефролог, кардиолог, травматолог сынды бейінді дәрігерлері жолдамасыз 18 жасқа дейінгі балларды қабылдайды.