Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігін айтты.
Ал қала басшысы әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді. Әрі экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеу маңызды деді.