Шымкент: Көпқабатты үйлердің 91 пайызы жылыту маусымына дайын

35

Шымкенттегі 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91 пайызы жылыту маусымына сақадай сай. Ал, 484 бюджеттік мекемелердің дайындығы 99 пайызға жетті.

Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Ал қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна. Бүгінге дейін мегаполиске 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары бойынша аяқталмаған жұмыстарды тездетіп бітіруді және маусымға дайындық жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтауды тапсырды.