Шымкент: Жүк көлігінің жүргізушісі велосипедтегі әйелді қағып кетті

135

Шымкентте жүк көлігі велосипедшіні қағып кетті, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ОТЫРАР.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі хабарлағандай, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте сағат 19:00-де Тәуке хан даңғылы бойында, «Фиркан Сити» СО маңында болған.

Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны велосипедпен жолда келе жатқан. Жол бойында қатарласып жүріп келе жатқан жүк көлігі кенет велосипед мінген әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

38 жастағы көлік жүргізуші велосипедтегі әйелді байқамағанын айтады. Жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Болған апаттың мән-жайы анықталуда.