Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан азамат анықталып, ұсталды. Шымкент ҚПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, оның экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатыны белгілі болды. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 153 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.