Шымкентте жылу тарифтері шамамен 8 пайызға төмендеді

26

Шымкент қаласының тұрғындары шаһардағы өзекті мәселелерді көтеруде өте белсенді. Соның бірі қаладағы коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша мәселе көтерген болатын. Осыған орай жергілікті билік жылу тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері бойынша 2021 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуына талдау жүргізген болатын.

Талдау қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның 5 пайыздан астам шығын баптарының орындалмауы анықталды және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз кіріс сомасы 520 756 602 теңгені құрағаны белгілі болды.

 Осыған байланысты, ТМРКД «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері бойынша бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тарифтер бекітті.

Қорытындысымен қолданыстағы тарифтен 849,39 теңге немесе 7,6 пайызға төмендетіліп орташа босату тарифі 10365,44 теңге/Гкал ҚҚС-сыз құрады.

Төмендеу тұтынушылардың барлық топтары бойынша болды, атап айтқанда: есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 2888,54 теңге/Гкал-дан 2669,01 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6 пайызды құрады; есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 5682,01 теңге/Гкал-дан 5250,17 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6 пайызды құрады; тозығы жеткен үйлерде тұратын тұрғындар үшін 4495,9 теңге/Гкал-дан 4154,21 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6 пайызды құрады; есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін 39497,73 теңге/Гкал-дан 36513,31 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6 пайызды құрады; есептеу аспаптары жоқ бюджеттік ұйымдар үшін 60488,04 теңге/Гкал-дан 55917,6 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6% құрады; есептеу аспаптары бар басқа тұтынушылар үшін 10314,34 теңге/Гкал-дан 9530,45 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6% құрады; есептеу аспаптары жоқ басқа тұтынушылар үшін 22546,42 теңге/Гкал-дан 20832,9 теңге/Гкал-ға дейін, төмендеуі 7,6% құрады.

Төмендетілген тарифтер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.